kk
Gratis
Ілияс Есенберлин

Көшпенділер. III кітап

  • Bekzat Kaiypovhar citeratför 6 år sedan
    Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айт; қан әлжуаз қалпында да жақсы көрем.
  • Әсемhar citeratför 4 år sedan
    Сухателен: «Қазақтар еш уақытта да астық екпеулері керек, ешбір ғылым түгіл, тіпті бірде-бір кәсіп білмей, өмір бақи мал бағып қана көшіп жүрулерін бар жан-тәніммен тілер едім»
  • b8614574754har citeratför 5 år sedan
    Расында бұл ауылдар сонау күнбатыс жақтан хабар күтіп тыпыршуда еді. Сондықтан ер азаматтар құбыла жаққа жиі қарайды. Әсіресе ана төбе үстіне жиналған қарттардың ішіндегі қапсағай денелі, қара сақалды, орта жасқа келіп қалған тұлғалы кісі дегбірсіз отыр. Құбыла жаққа қадалып қалған. Оның үстінде темір торлы шолақ сауыт. Басында темір тор далбағай. Сауытының жеңі шынтағына ғана жетеді. Білегін ішіне киген көк барқыт пешпентінің жеңі жауып тұр. Оюланған көк барқыт кең балақ шалбар. Аяғында күмістеген кең қонышты саптама етік. Сауытын ышқырланып алған. Күміс белбеуінде жез сағалы, қынына алтын жалатқан көк семсер. Сол қолының шынтағына ілген болат қалқан. Қазір қауіпсіз бір тыныштық шақ болғандықтан шетіне зер ұстаған көк барқыт шапанын иығына жамыла салған... Осы бір сұсты адамның айбынды түрінде қазір бір үлкен қобалжу бар.

    Бұл — осы көптің қолбасшысы. Табын руының биі, мың жылқы айдаған сұлтан Тіленші ұлы Жоламан батыр еді
  • Арман Саттарhar citeratför 3 år sedan
    Зиректік, ойшылдық, сезімталдық — ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер. Мұны адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы бір қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған қоғам оны не ұлғайта түседі, не өшіреді.
  • Әсемhar citeratför 4 år sedan
    Тарихтың әр сатысында, халық арманының бір тоғысқан түйінді кездерінде осындай адамдар туады. Олар өздерінің мақсаттарына жету үшін халықты да, тарихты да, бәрін де пайдалана біледі. Бұларда құр ғана қаныпезерлік, адамды аямастық қана емес, ақыл да, амал да мол келеді. Кенесары да соның бірі. Егер осындай адам миллиондаған халқы бар үлкен елге жаратылса қайтер еді?
  • b8614574754har citeratför 5 år sedan
    Бұл салықты Ташкент құшбегі болған тәжік Мәмет Әлім, өзбек Ләшкәр, Бегдербек, Қыпшақ Нұрмұхамед өздеріне бағынышты қазақтардан он есе артық етіп өндіріп алып тұрды. Бұл жағына келгенде әсіресе осы кездегі құшбегі Бегдербектен асқан зұлымы аз-ақ.
  • b8614574754har citeratför 5 år sedan
    Жоламанның ақ көз Жебірейіл, маңқа Әлексалды деп тұрғаны Елек бойындағы бекеттердің Гаврилло, Александр деген урядниктері. Ашуланғанда көзі ағарып кететін Гаврилло мен мұрнынан мыңқылдап сөйлейтін Александр, Елек бойының қазақтары арасында белгілі қан ішер, тас мінез қатал урядниктер. Көптен бері қазақ ереуілшілерімен айқасып әдеттенгендіктен, бұлар алаңғасарлау Карповтен көрі дала ұрысының тәсілін біледі. Елек маңымен әбден таныс. Айла, қулықтары да бар. Ереуілшілермен кейде итжығыс түсіп жүретін сұмдар. Жоламан оларды сондықтан да сұрап тұр.
  • Жансая Оразалиеваhar citeratför 2 år sedan
    Қотан жанына қасқыр апанын қазса, қойда не ес қалады? С
  • b8725281833har citeratför 2 år sedan
    Күштінің арты диірмен тартады,
  • b8725281833har citeratför 2 år sedan
    Бүйі қысылғанда өзін өзі шағып өлтіреді
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)