kk
Gratis
Батырлар жыры

Аңшыбай. 1-нұсқа

  • Жанеля Ашмакыноваhar citeratför 8 år sedan
    Аңшыбай үш жасында шешесінен, төрт жасында әкесінен жетім қалды. Бала біткен ауылға келтірмей қуа берді. Аңшыбай жыңғылдан жақ алып, шиден оқ алып, далада қаңғырып жүре береді. Өзі жалаң аяқ, жалаң бас, тырдай жалаңаш. Қыдырып жүріп қалың тоғайлардың ішіне барады. Тоғайдың ішінде бір көлдің жағасына барып жатып еді. Оның ішінде бір уақ шіл үйректер жүр екен. Аңшыбай сол үйректі атып алып, отқа көміп пісіріп алып, тамақ етіп жүрді. Алты жыл сонда үйрек атумен жатты.
    Бір күндері болғанда, көлшікке бір аққу келіп қонады. Аңшыбай көріп, атайын дегенде аққу сілкініп еді, бір бойжеткен қыз болды.
    – Адам баласы, сен мені атпа. Мен – мұсылман пері патшасының қызымын. Сіз “қара саз жерде не қылып жатқан адам баласы екен?” – деп келіп едім. Бұрыннан да көріп жүр едім. Сен не қылған адам баласысың, бұл ел жоқ жерде жүрген? – деді.
    Аңшыбай:
    – Менің әкем де шешем де жоқ. Елден қаңғырып жүрген бір қаріппін, тамағым – мынау шіл үйрек, – деді.
    Сонда аққу:
    – Ертең келермін, – деп, ұшып жүре берді. Қарасы үзілгесін, тағы бір аққу келіп қона қалды. Бұл сілкініп еді, бір қыз бола қалды.
    – Мені атпа, бала сен, – деп, тұра қалды. – Сен не қылып жатқан адам баласысың, – деп сұрады.
    – Ата-анам жоқ, ағайыным тағы жоқ. Осында шіл үйректі тамақ қылып жатқаныма бес-алты жыл болды – деді.
    Сонда аққу тұрып айтты: – Әлгі ұшып кеткен не?
    Аңшыбай:
    – Білмеймін. “Мұсылман пері патшасының қызымын”, – деп, кеткен. “Ертең келермін”, – деді.
    Аққу: – Онда мен – кәпір патшасының қызымын. Ол келсе, мен де келермін ертең, – деді.
    Сонда Аңшыбай:
    – Келіп, не қыласың? Менде үй де, күй де жоқ, ішіп-жейтін тамақ та жоқ, – деді.
  • Рамазан Бектурсыновhar citeratför 8 år sedan
    Біз секілді пақырға,
    Жарқыным, не деп барасың?

    Аққу:
    – Ол келіп, тиер болса, мен де артынан келіп, тиермін – деді.
    – Бірақ мұсылман перісінің қызы тием деген жоқ.
    Ертеңіне мұсылман пері патшасының қызы келіп, тағы қонды да, айтты: – Мен саған, адам баласы, мынадай тәуекел етіп жатқанында деп тием деп келдім, – деді.
    Сонда Аңшыбайдың айтқаны:
    – Ақылың жоқ баласың,
    Жазған, қайда барасың?
    Менде бір киер киім жоқ,
    Сататұғын тиын жоқ,
    Баратұғын үйім жоқ.
    “Тиемін маған” дегенің,
    Сен – патшаның баласы,
    Басыңда сенің миың жоқ.
    Ағайын, іні менде жоқ,
    10. Жақын жерде елім жоқ
    Мен – бір жүрген сор маңдай
    “Тием” дегенің маған бұл қалай?
    Ойдың менің көзімді,
    Өлтіремісің өзімді?
    Алмаймын мен сені,
    Өлтірмесең, жаным, өзімді.
    Майданда жатқан мен қаріп,
    Сен бір не күн көрерсің?
    Маған жолдасым сен болсаң,
    20. Асыл бір туған данасың.
    Адам біздей пақыр болар ма?
  • Рамазан Бектурсыновhar citeratför 8 år sedan
    Аңшыбай үш жасында шешесінен, төрт жасында әкесінен жетім қалды. Бала біткен ауылғ
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)