kk
Gratis
Темірхан Медетбек

Көк түріктер сарыны. 2 - том

  • Zhanna Imankulhar citeratför 4 år sedan
    арысым дейді. Жонына қол тигізбейтін барысым,– дейді, Шерхан Мұртаза!”

    Темірхсанның тай- құлындай тебісіп өскен құрбы- құрдастарын жоқтауына қараңыз: Көк Түріктің қандай оғландары қасымызда жүрген! Оны біз байқамай қалыппыз, Темірханның қыран көзі ғана қиядан шалыпты: “Кеңшілік, сен бәрімізден басқа, бәрімізден бөлек едің. Ерек едің! Сен бірде екпін, бірде серпін болатынсың. Сахнада тұрғанда да, көшеде тұрғандай, еркін болатынсың. Сен ешуақытта біреуге жақсам деп ойланбайтынсың. Содан ба, кейбір тымырсық отырыстарды бомба жарғандай ойрандайтынсың... Жамандықты да, жақсылықты да көңілге тоқитын едің. Өлең оқығанда да, мына лас тіршілікке қарағың келмейтіндей, көзіңді тарс жұмып оқитын едің. Сен иілмейтін едің. Сен қырқылатынсың. Біз именіп ұмтылған жерлерге, сен кимелеп ұмтылатынсың. Күлсең де мына өмірді мазақ етіп күлгендей күлетінсің. Жүрсең де, мына өмірді иығымен қағып жіберетіндей, қайқаң-қайқаң етіп жүретінсің. Өзге емес, өзіңді- өзің тар жол, тар қыспаққа салып, қинайтын едің. Біз сыйған мына өмірге Сен сымайтын едің. Ақыры симай кеттің.”

    Темірхан Медетбек – қазақ жырындағы соны құбылыс! Ерен әрі ерек құбылыс. Кейбіреулер “Темірхан айтарын айтты, енді осы жерден тоқтай қалса” деседі. Бұл– ішегіне май айналмайтын іштар пенденің өксігі. Қазақ жыры нотасындағы Темірхан Медетбектің Көк Түріктерден қуат алып
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)