Мұхтар Әуезов

Абай жолы. 3 кітап

Berätta för mig när boken läggs till
För att kunna läsa den här boken överför filer i EPUB- eller FB2-format till Bookmate. Hur laddar jag upp en bok?
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Алысу — тіршілік заңы. Дүниеде жанды, жансыз заттың бәрі де алысумен тіршілік етпей ме? Мен ғана емес, тіпті, сіздің, өзіңіз де алысасыз, Ваше превосходительство.
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Е, бұқпа торғай сияқтанып, әншейін, «бұға берсем құтылады екем» деп, сол аурудан текке қорқып жата беріппін..
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Тегінде көздің жасы жылаушыға ғана ауыр емес, көрушіге де ауыр ғой! Оны сүюге, тамашалауға болмайды, тек түсіну керек. Адам басындағы қайғыға ортақтасу — әрбір бауырмал, адал адамның әдеті. Ал дәл жылап отырған адамның жүзі мен еңірен дауысы ешкімге де сұлу, нақысты боп көріне алмайды. Ондай жүзді жақсы көрудің өзі де қиын.
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын»
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Біреу болмаса біреуге «жақсылық тегін табылмайды», «ізденумен, қиналумен табылады екен» дегенді аңғартар.
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Абай ағам Әбішпен сөйлесуге тосып отырған болар. Бәрінен ақылы, қазір жеңеше сен шапшаң «ақ ірімшік» жаса, соған балқаймақ қос. Сөйтіп, қазақтың «ақлақ» дейтін асын әзірлеп бер.
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Абай «өнерді орыстан аларсың», «орыс деген өріс» деп «кейінгі нәсіл ұғады» дейді.
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Олжаның үлкені осы саушылығың, қажырың»
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    Жылтыр қара қасты, үлкен көзді, кесек қырлы мұрынды Дәрмен анық сұлу жігіт.
  • Jalgyztauhar citeratför 4 år sedan
    , шырағым-ай, ата кәсіп аздырып-тоздырып болды ғой. Осы дүниеде кім қор, кім кенде? Дәл сол қалың қазақ баласы ғой... Өзге елдің салтын көрші!.. Бәрінің қазыналы қаласы, қордалы қорасы, тым құрыса, тұрақты панасы бар. Сенің қалың кедей халқынды ойлашы... Әйтеуір, ендалам, есіз шөлім кең деп үйтқып

    жүрсің әлі күн. Қүйын қуған қаңбақтай жөңкіліп жүргенің мынау!.. Сайдасаның, құмдаізің жоқ. Көл бетінде қалықтаған көбіктей бүгін мына сайда шаңбарақ атып, сәтте жоқ болып, ертеқ ана адырда бүрқ беріп шығып, таіы тозып тарап жүрген жоқың ба? Ежелден кешкен елдігіңнің ізі кәне? Берекем дер белгің қайсы?
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)