Елу жылда ел жаңа. Елін тапқан ер жаңа. Бабын тапқан жер жаңа. Жалғыз үйдей жым-жылас, жұрнақсыз қалған мен дара, ұрпақ та жоқ, дос та жоқ, адасқан қаздай мен ғана»
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Біздің ауданның бір өзінде 14 совхоз ашылмақшы.
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Қонақтар көп қинап, қолқа салмай-ақ өзінің күндегі айтып жүретін өлеңдерін мұрнынан тізіп ағыта жөнелді. «Аққұм», «Жайдарманнан» бастап, ауыл арасында айтылып жүретін соғыс жылдары шыққан өлеңдерге дейін тіркеп, соғып отыр.
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Ақбөпе осы үйдің келін баласы. Қазір жесір отыр. Күйеуі Жәлел боранда суыққа ұшып өлгелі, міне, табаны күректей бір жыл өтті.
Косиманов жездесі екен, бірақ қызға үйленбелі ойы бар
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Бәрінен де пайдалы оралған Тәшім молла болды. Осы маңда өлім-жітім бола қалса-ақ, кәрі құзғынша ұшып жететін молла, осы жолы да өзінің жуас торы биесіріс салт міне салып, сәскеде аттың басын осы үйге кеп бір-ақ тіреген. Көптен бастары қосылмай ындыны кеуіп, «сусап» жүрген кәрілерге күні-түні шариғат айтып, шөлдерін қандырған.
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Түтеген боран Жәлелді шыр көбелек айналдырып, дедектетіп ұшырып әкетіп бара жатқандай болады. Екі қолы көкке қарай ербеңдей беріп Жәлел сүрініп құлайды. Ұйтқыған есірік боран тұншықтыра тап беріп үстінен баса береді. Ақыры Жәлелді жермен-жексен етіп көміп, әрмен қарай бірін-бірі қуалай ойнақ салып ұзап кетеді.
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Халел үшін бір ыстық жер – құрбыларымен қатар ойнап-күліп, бірге өскен «Қызыл жалау» мен өзінің үйі тұрған «Малжан ағашы»
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
совхоз директоры Моргун, бас инженер Райхан, шофермен қатар отырған өкіл артына бір жамбастай бұрылып, екеуімен сөйлесіп келеді.
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Федор Васильевич Моргун Тыңға келген совхоз директорларының ішіндегі ең жасы.
XAN IEMhar citeratför 2 år sedan
Бұдан он шақты жыл бұрын Тимирязев атындағы Академияны бітірісімен Украина жерінде агроном болып істеді де, кейінгі уақытта сырттан аспирантурада оқып, Киев қаласындағы ауыл шаруашылық министрлігінде жүрген жерінен Қазақстан тыңына аттанды. Бұрын мектепте жүрген кезінен спортпен шұғылданған Федор Академия қабырғасында жүргенде гимнаст-акробат болып, спорт мастері атағын алған.