Әзілхан Нұршайықовтың

  • b0822468089har citeratför 2 år sedan
    Оларды шолып келіп, менің көзім өз алдымдағы көрші партадан көтерілген екі қыздың жып-жылтыр шаштарына, олардың қос-қос бұрымдарына түсті.
  • Камарсулу Абилhar citeratför 2 år sedan
    Баруға құс боп ұшып қанатым жоқ. Ойымнан кеткен жоқсың қалатын боп. Сағынып менің жаным жүдеді ғой, Жүрегім ауық-ауық жанатын боп. Су болсамшы алысқа ағатын боп, Жел болсамшы жер түбін табатын боп. Арқар, құлан сықылды аң болсамшы, Айшылықты алты аттап шабатын боп.

    Ол емес, екі аяқты жан болған соң, Отырмын ойдың отын жағатын боп. Өзіңнің сәлем жазған хаттарынды Бойыма бойтұмар ғып тағатын боп.
  • Камарсулу Абилhar citeratför 2 år sedan
    Ол Тананы көктегі күннен де, жердегі желден де, көлденең көзден де, гулеген сөзден де, мен тұрғай өзінен де қызғанар еді-ау! Ендеше менің мұным оны өлді деп басынғаным ба? Мен құмарлық қысып, ләззаттың осынау өзім сипалаған қос шыңының төбесіне көтерілсем, әзіз досым Заманның зиратын таптағандай болмаймын ба? Таптағаным емес пе. Жоқ, олай болмайды. Жаным тірі тұрғанда мен досымнын атына кір келтіруге тиіс емеспін. Танадан ләззат ұрлап, дос қарызы, дос аруағы алдында қарабет болуға хакым жоқ.
  • ALEM TVhar citeratför 2 år sedan
    Жаманның ақылы артынан түседі»
  • ALEM TVhar citeratför 2 år sedan
    Мінгенім дәйім менің сарым болса!

    Қолымда жетелеген нарым болса!

    Армансыз бұл дүниеден өтер едім,

    Күлім көз, оймақ ауыз жарым болса!
  • b3395908071har citeratför 2 år sedan
    Махаббатты өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады.
  • b3395908071har citeratför 2 år sedan
    Сонымен, «бір көргеннен ғашық болу» деген ұшқары сөз. Бір көргеннен тек қана ұнатуға, қызығуға, құмартуға болады. «Құмарту - ғашықтық емес. Адам жек көре тұрып та құмарта береді» (Ф. Достоевский)
  • Ералы Шералыhar citeratför 2 år sedan
    Шығыс нақылы. I. - Басқа кіммен дос болсаң, онымен дос бол, бірақ мынадай үш адаммен дос болма, - депті бір данышпан өзінен ақыл сұрай келген адамға. - Ақымақпен дос болма, ол саған жақсылық жасаймын деп жүріп-ақ жамандық жасайды; зеріккіш жанға жолама, қанша сенгеніңмен ол сені тастап кетеді; өтірікшіден аулақ бол, ол сені өсекке таңғанын өзі де сезбей қалады.
  • Диана Дуйсеноваhar citeratför 2 år sedan
    Ұялшақтық - ұлтымызға тән қасиет қой.
  • b8369103038har citeratför 2 år sedan
    Қыздар, бай деп, бақты деп ешқашан да шалға шықпандар. Жаның сүйген тең құрбы, до-сыңа балғын бал көңілмен берген уәденді өлсең де бұзба!
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)