Қабдеш Жұмаділов

  • b5126983351har citeratför 2 år sedan
    — Кімнің баласысың?
    — Апамның баласымын...
  • b5126983351har citeratför 2 år sedan
    Апаң бар ма?
    — Өліп қалған...
  • b5126983351har citeratför 2 år sedan
    Ақ костюмге жұққан дақты жуып кетіруге болар, — деді ол өзіне-өзі, — ал арыңа жұққан кірден тазару оңайға түспес.
  • b2341084141har citerati fjol
    Үй иесі әйел осынын алдында ғана бас жуып, енді тарануға отырса керек. Сәкен кіргенде, тарқатылған дымқыл шашын төгілдіре терезе алдында тұр екен. Әйелдің көрікті ақша жүзін көмкерген қара шашы толқынданып, құс қанатындай екі иығын жауып тұр.
  • b2341084141har citerati fjol
    Осындай кештерде Сәкен үнемі Хадиша қасында болды. Екеуі жұбын жазбай, алтыбақанда отырып тербелгенде, өзіне қараған Хадиша көзінен жарқылдаған бір от көруші еді. Кейде бұлар жұрттан оңаша шығып, аяққа оралып ойнаған көк шалғынды жара, бел асып кететін. Сондай шақтарда Хадиша мұның мойнынан қатты құшып тұрып:

    — Сәкен, сіз мені ұмытпайсыз ба?.. — деуші еді.

    — Сен сияқты періштені ұмытуға бола ма екен, — дейтін жігіт ойланбастан, жөне сол сөзін дәлелдеген адамша, бүлдіргендей уылжыған еріннен тоймай сүйе беретін, сүйе беретін...

    Ия, ол күндері бұл екеуі өз қылықтары үшін ешкімге есеп беріп көрген емес. Бастықпаған асау жастық шақ нені бұйырса, соны орындаған. Бұлар үшін сол сәттерде тек махаббат қана жер дүниені жеке билеп тұрғандай болатын. Осынау жасыл аспанның астында бұлар да бір кезек дәурен сүріп, ата-баба жоралғысын жасаған. Бірақ махаббаттың бал шарабын бастарына көтере сіміргенде, түп жағында не жатқанын бұлар сезген жоқ.
  • b2341084141har citerati fjol
    Сонан кейін не болады?.. (Сәкен орнынан аунап түсті). Сол жылы қыста ол ауылға қайтпады. Жана жыл кешінде, тағы бір жарық айлы түнде басқа қызбен табысты..
  • b2341084141har citerati fjol
    қызбен кім жүрмейді, жұғысып кетсең-ақ, алуын керек пе екен? Оқымаған балалы әйелге шырмалып қайтем», деп, өзінше бір бәтуа тапты.
  • b2341084141har citerati fjol
    Хадишадан келген барлық хатты өртеп жіберді..
  • b2341084141har citerati fjol
    Жабулы қазан жабулы күйінде қала берді
  • b2341084141har citerati fjol
    Келесі жазда ауылға барғанда, Хадиша шешесі мен жас баласын алып, басқа жаққа көшіп кеткенін естіді. Қайда баратынын айтпастан, бір түнде ғайып болған..
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)