Кейде кішкентай балаларды жасына жетпей ер жетті деп айтып жатады ғой, бұл кітаптың кейіпкері туралы да осылай тұжырымдауға болады. Бұл бала басынан талай қиындықтарды кешіргенімен, жастайнан ақылды, білімге алғыр, оқуға зирек, еңбекқор болып өседі. Халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының хал жағдайы. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күтіп жүрген Аян атты жасөспірім баланың өмірін баяндайтын көркем шығарма. «Балалар, тоқтаңдаршы Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін» деп аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның аянышты тағдыры көзге еріксіз жас әкеледі.