kk
Gratis
Тамаша жыл - The Big Year

#97. Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге аудио-хат

Lyssna i appen
Сәлем, бұл Тамаша жыл подкастының 97 эпизоды. Бүгінгі эпизод сіздермен біздерді байланыстырып, түсіністірген тамаша қазақ тілі туралы болмақ. Тіл бізді қажет етпейді, керісінше біз қазақ тілін керек етеміз деп жатады. Қазақ тілі туралы сан мың пікірі бар арамызда қанша адам бар. Бір жағынан қарасақ, әлемдегі 6500 тілдің бірі ғана. Онсыз да өміріңді қиындатпай, өмір сүре берсең болады. Әлемнің азаматы, әлемнің тілдерінің бірінде сөйлесең, әлемнің қанша мың есігі ашылады. Сенің алдында қанша мың есік ашылса, бір ғана ісікті әзер ашатын тілде менің қаншалықты жұмысым болуы керек?  Ол сенің артыңнан қуатындай, одан қашуың мүмкінсің. Бірақ күндердің бірінде ол сені қумағанын, өзіңмен өзің қалғаныңды түсінесің. Өзіңмен өзің болған диалогта әлемдегі өз орныңды іздей бастайсың. Тамырыңның қайда екенін, бұл тірі ағзаны  қайда бастап бара жатқанына назар аударасың. Кенеттен мыңдаған жылдар бойы сенің тамырыңның қалай дамығанын, сенің келесі ұрпақтарға өзіңді жалғастырушысы екеніңді түсінесің. Тілдің тарихты, әлем туралы көзқарасты, наным сенімді, мәдениетті, талғамың мен таңдауларыңның  бәрін-бәрін  шоғырландыратын, жинайтын ұлы күшін көресің. Тіл біріктіреді, бір бірімізді, алдыңғыларды, келесілерді түсінуге мүмкіндік береді. Кейде біздің елде бір бірі түсінбейтін қаншама лагерлер бар екенін көресің. Әрқайсысының өз догмасы, әлем туралы түсінігі бар. Бір бірін түсінбеулерінен талай талантты жоғалтып аламыз, жете көре алмаймыз, ортақ құндылықтар қалыптастыра алмаймыз.

Бүгін қазақ тілі туралы сөйлесеміз. Қазақ тілін үйретушілердің, үйренушілердің ойларын тыңдаймыз. Осы эпизодтан кейін өзіңізге сеніп, қазақ тілін бастасаңыз, жалғастырсаңыз, сапасын арттырсаңыз, ал кейін немесе қазір тілді жетік меңгерсеңіз, онда жаңа ресурстар құрастырсаңыз, бұл қандай керемет болар еді. Қазақ тілін үйренетін қауіпсіз орта жасай алсақ. Кейін энергияларымызды біріктіріп, ұлы істерге бастау болсақ, кім кедергі. Тіл алдымен бізді біріктірсе, кейін диалогтарымыз да оңай, түсінуіміз де жеңіл бола түседі.

0:48:35
Utgivningsår
2020
Har du redan läst den? Vad tycker du om den?
👍👎
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)