kk
Gratis
Тамаша жыл - The Big Year

#109. Ақниет Байбоз: 200 доллармен басталған бизнес, докторантура және спорт

Lyssna i appen
Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы - Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік.

00:00 - Ақниетті таныстыру

2:17 - Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым

3:34 - Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді

5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ ...

6:42 - Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді

7:00 - Барахолкаға барып,  бизнес идеямды айттым: ол келісті

7:27 - Жарнамаға $200 салдық

8:08 - Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс - серіктестер

8:41-  2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық

10:20 - Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак

11:25 - Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік

15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады?

17:10 - Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек

20:00 - Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы

20:50 - Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды

23:00 - Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық

23:50 - Цех салғымыз келді, бәрі жақсы,  бірақ ...

26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым

29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді

36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын

37:50 - Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым?

44:20 - Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді

50:10 - Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау.

55:40 - Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық

59:25 - Саяхат жасаудың үш деңгейі

01:02 - Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар
1:08:36
Utgivningsår
2021
Har du redan läst den? Vad tycker du om den?
👍👎
fb2epub
Dra och släpp dina filer (upp till fem åt gången)